Әңгіме барысында Н.Назарбаев Ф.Фийонның Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық серіктестік туралы шартқа қол қоюға қосқан үлесін атап өтті. Соның арқасында бүгінде екі ел қарым-қатынасы қарқынды дамып келеді. Сондай-ақ, тараптар Қазақстан-Франция ынтымақтастығын басымдығы бар салаларда нығайта түсу мәселелерін қозғады. Сонымен қатар, Қазақстандағы француз компаниялары қызметінің негізгі бағыттары, елімізге инвестиция тарту жөніндегі шаралар қарастырылды.
12:10, 02 Маусым 2015
Н.Назарбаев Францияның экс-премьері Ф.Фийонмен Қазақстанға инвестиция тарту шараларын талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Француз Республикасының бұрынғы Премьер-министрі, Ұлттық жиналыс депутаты Франсуа Фийонмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.