Бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі аясындағы Дін лидерлері Кеңесінің ІІ отырысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді. «Әлемдік әлеуметтік желілер діндер мен дін қызметкерлеріне қарсы толассыз шабуылға толып кеткенін көрмей қалуға болмайды. Әлемдік діндердің барлығы да сабырлылыққа, шыдамдылық пен ұстамдылыққа шақыруда, адамдар арасында қақтығыстарды тоқтатып, бейбітшілік пен келісімге үндейді. Әлемнің басқа діндері секілді ең толерантты діннің бірі - бұл ислам. Исламды терроризм мен экстремизмнің кез-келген формасын ақтап алу үшін пайдалануға ұмтылу көріністері де орын алып отыр. Бұл - дінді қорлаушылық. Мен бүгінгідей күрделі заманда барлық дін қайраткерлерін өздерінің уағыздарында бейбітшілікке, толеранттылық пен кешірімге шақыруды еселеуге үндеймін. Бірлікті сақтап, оны бағалайтын кез-келген халық өлмейді, ол - ұлы халық», - деді Н. Назарбаев. Бұл ретте Елбасы Қазақстан халқы да өзінің бірлігі арқасында дамып отырғанын, бұл әлемнің озық отыз елінің ең жоғары құндылығы екенін атап өтті.
10:38, 10 Маусым 2015
Н. Назарбаев: Исламды терроризм мен экстремизмді ақтап алу үшін пайдалануға ұмтылу - дінді қорлаушылық
АСТАНА. ҚазАқпарат - Исламды терроризм мен экстремизмнің кез келген формасын ақтап алу үшін пайдалануға ұмтылу - дінді қорлаушылық.