«Менің тапсырмама сәйкес Үкімет дамудың ауқымды жаңа бағдарламасын әзірлеуді аяқтады. Бүгінде біздердің алдымызда тұрған сын-қатерлерге жауап бере отырып, мен Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жария етемін. Дәл осыған мен 2015 жылға арналған халыққа Жолдауымды арнаймын», - Н.Назарбаев. Елбасының атап өтуінше, жаңа саясат еліміздің құрылымдық реформаларын одан әрі жүзеге асыруға бағытталатын болады.
12:45, 11 Қараша 2014
Н.Назарбаев Қазақстанның «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық саясатын жария етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық саясаты жүзеге асырылады. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.