«Біз мүліктің барлығын қолдан шығарып жібермеуіміз керек. Үкімет Қазақстанда бар мүлікті бақылау мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Ал мұның барлығы жаңа басшылық, жаңа қаржы, жаңа технология мен инновация тарту үшін жасалады. Бұл акция басталған сәттен бәсекелестік ортаға тек 213 нысан ғана берілді. Бұл жоспардың қаншасы? Кім біледі? Қаржы министрлігі...» - деді Елбасы.
Бұл сауалға жауап берген еліміздің Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов оның сатылуы жоспарланған 800 нысанның 28 пайызы екендігін айтты.
«Міне, Кәрім Қажымханұлы (ҚР Үкімет басшысы) Үкімет 28 пайызға ғана жұмыс істейді», - деді Мемлекет басшысы