Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Жеделхатта Париж қаласында жасалған жантүршігерлік әрекеттер салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы суыт хабарды Мемлекет басшысы зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.
«Қазіргі таңда терроризмнің етек алуы барлық мемлекеттер үшін ортақ қауіп-қатерге айналып отыр. Қазақстан халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіретін лаңкестік пен экстремизмнің кез келген түрін айыптайды», - делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев қасірет құрбандарының туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Франция халқына жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтты.