Кездесу барысында тараптар энергетика секторының даму перспективаларын, сондай-ақ корпорацияның Қазақстанның көмір өнеркәсібіне қатысуын ұлғайту мәселелерін қарастырды.
Нұрсұлтан Назарбаев «Цинхуа» корпорациясымен бұрын қол жеткізілген уағдаластықтар біздің еліміз үшін серпінді мәні бар екенін айтты.
- Сіздің компания Қазақстанда бірінші рет көмірді кешенді өңдеуден өткізеді. Оның мол қоры бар екенін ескерсек, бұл біздің энергия теңгерімі үшін зор мәнге ие, - деді Мемлекет басшысы.