Кездесу барысында Қазақстанның мұнай өндіру секторындағы «Лукойл» компаниясының инвестициялық қызметінің мәселесі мен «ҚазМұнайГаз» АҚ-мен ынтымақтастығының келешегі талқыланды.
В.Алекперов сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтыбіздіңелдің батысындағы мұнайгаз саласындағы ірі индустриялық жобаларды іске асыру туралы хабардар етті.
«Лукойл» ААҚ Қазақстанда 1995 жылдан бері жұмыс істейді. Компания 7 өндіруші жобаға, сондай-ақ Қазақстандағы ірі ресейлік инвестордың бірінен саналатын Каспий құбыры консорциумына қатысады.