АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 21 елдің Президентін қабылдады. Бұл туралы бүгін халықпен есепті кездесу өткізген ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мəлім етті.
Министр өз сөзінде жыл сайын ҚР Президенті сыртқы саяси қызметін өте белсенді жүргізетіндігін баса айтты.
Осы жылдың басынан ҚР Президенті шетелге сегіз рет сапар жасады. 21 шет елдің мемлекет басшыларын қабылдады. Толықтай алғанда, 19 халықаралық іс-шара өткізіліп, 39 екіжақты кездесу болды", - деді министр.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.