1789 жылы қазанның 5-інде Джордж Вашингтон кітапханадан «Мемлекет заңы» деген кітапты оқуға алған, бірақ кітап сол күйі қайтарылмай қалған. Кітапхана қызметкерлерінің айтуынша, қайтарылмай қалған кітап үшін есептелген айыппұлдың сомасы 300 мың долларды шамалап қалған. Дегенмен, айыппұл талап етілмегенімен, Вашингтон мұражайы-үйінің қызметкерлеріне Джордж Вашингтонның кітапханаға тағы бір басылым - британдық общиналар палатасының талқылаулар жинағын берешек екенін хабарланған.
Екі кітаптың жоқ екенін кітапханашылар, ХVIII ғасырдың соңындағы тіркеу журналдарын тексеру барысында анықтаған болатын. Және сол жолы олар басқа да атақты борышкерлерді анықтаған: олардың қатарында АҚШ-тың бірінші қаржы министрі Александр Гамильтон, елдің Жоғарғы сотының бірінші төрағасы Джон Джей, сондай-ақ Нью-Йорк штатының бірінші сайланған губернаторы Джордж Клинтон бар.