деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі. Үйдің жаңа иелері алған дүниелеріне риза болуы керек, себебі олар бірегей сәулет нысанымен қоса Нью-Йорк тарихының ерекше бөлшегін алып отыр.
Қызыл кірпіштен салынған ені үш-ақ метр, ал үзындығы он екі метр бұл ғимарат 1873 жылы салынған және ол Нью-Йорк богемасының қызу әртістік өмірінің куәсі болған. Кезінде бұл үйде ақын Эдна Сент-Винсент Миллей ханым, танымал антрополог және этнограф Маргарет Мид ханым тұрған. Ал көрші үйлерде әр жылдары биші Айседора Дункан, жазушы Джек Керуаки, басқа да танымал тұлғалар тұрған.