Нью-Йорктің орталық саябағына құтырған жанаттар шабуыл жасады

АСТАНА. Желтоқсанның 10-ы. ҚазАқпарат - Нью-Йорктің  орталық саябағында құтыру ауруын жұқтырған үш жанат анықталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Қаланың денсаулық сақтау департаменті Манхэттен тұрғындарын  орталық саябақта сақтық шараларын сақтау қажеттігі және жануарларға жақындамау туралы ескертті. Ауру белгілері байқалған немесе әрең қозғалатын жануарлар жөнінде саябақ қызметкерлеріне хабарлау керек, ал нью-йорктіктерге шабуыл жасаған жағдайда міндетті түрде медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі де ескертілді.

Ауру жануарлардың саябақта қалайша пайда болғандары әзірге белгісіз.

Нью-Йоркте адамның құтыру ауруын жұқтыру жағдайы соңғы рет 1953 жылы тіркелген.