Отандасымыз 3000 метр қашықтықта жүлдеге бір қадам жетпей қалды. Морозова 4:09,19 секундта мәреге жетіп, төртінші орынды иеленді.
Норвегиялық Рагне Виклунд 3:54,74 секунд уақыт көрсеткішімен жеңіске жетті. Күміс жүлдені Нидерланд спортшысы Джой Бьюн (3:56.96) еншілесе, қола медаль канадалық Валери Мальтеға (3:59.92) бұйырды.
Айта кетейік, бұған дейін Инцелльдегі жарыста 500 метр қашықтықта қазақстандық Евгений Кошкин де төртінші орын алған болатын.
Осыған дейін конькимен жүгіруден қысқы Олимпиадаға Қазақстан құрамасынан кімдер қатысатыны туралы жаздық.