Нагано-2010 Кубогы: Қазақстанның құрамасы Жапонияның командасын жеңді

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Бүгін «Нагано Кубогы» жолындағы шайбалы хоккейден Қазақстанның құрамасы Жапонияның командасын 3:1 есебімен жеңді. Бұл жөнінде Қазақстан шайбалы хоккей федерациясы хабарлады.

Бұл қазақстандықтардың осы турнирдегі екінші жеңісі.

Шайбаны салғандар: Владимир Антипин, Евгений Рымарев, Александр Шин.

Кеше Қазақстанның құрамасы Данияның хоккейшілерінен 2:1 есебімен басым түскенін еске саламыз.