Салтанатты шараны ашу кезінде облыс әкімі Ерік Сұлтанов ҚР Мемлекеттік рәміздері күні - еліміз тарихындағы маңызды даталардың бірі екенін айтты. Бұл күні Қазақстан тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің бас атрибуттары мақұлданды.
«Бүгін осы алаңда өз елінің нағыз патриоттары жиналды. Мемлекеттік рәміздер бүкіл әлемге Қазақстан бейнесін ашып, біздің ұлттық-мәдени құндылықтарымызды танытады. Нағыз патриотизм мемлекеттік рәміздерге құрмет білдіруден басталады. Сол арқылы біз бірлігіміз бен тұтастығымызды көрсетеміз», - деді Е.Сұлтанов.
ҚР мемлекеттік рәміздерін бағалау және құрметтеу парызы туралы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, гір тасын көтеруден әлемнің сегіз дүркін чемпионы Виталий Диденко да айтты.
Мерекелік шара Петропавлдың шығармашылық ұжымдары дайындаған концертпен аяқталды.