Бұл туралы Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Орталық аймақтық орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.
Бүгін түнде мәскеу уақыты бойынша сағат 2:35-те Хургадтан (Мысыр) Мәскеуге ұшып келген «Авиастар-Ту» компаниясының Ту-204 ұшағы Домодедово әуежайына жақындап қалған кезде, биіктігін жоғалтып, ұшу-қону алаңына 1 шақырымдай жер жетпей апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Ұшақ бортында жолаушылар болмаған. «Ресейғарыш» агенттігінің мәліметтері бойынша, экипаж құрамында 8 адам болған, бәрі аман. Жерде де ешқандай қираулар болмаған.
Ұшақ күрделі метеожағдайға қонған. Қону барысы штаттық жағдайда орындалған, экипаж бен диспетчерлер радиобайланыста болған. Ұшу-қону алаңына 1 шақырымдай қалған кезде, кенеттен ұшақ локатор экранынан жоғалып кеткен. Дереу ұйымдастырылған іздеу шараларының барысында ол табылды.
Оқиғаның мән-жайын тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.