Жер сілкінісінің Мексиканың Төменгі Калифорния штатында орын алғанын бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз.
Жерасты дүмпулерінің күшті болғаны соншалық, куәгерлердің айтуынша, ол Лос-Анжелесте сезілген. Бірінші жер сілкінісінен кейін өңірде он шақты жерасты дүмпулері қайталанған, деп хабарлайды Associated Press.
Мексиканың Мекхикали қаласында ғимараттың құлауы салдарынан бір адам опат болса, екінші құрбан - зілзаладан қатты шошып, көшеге жүгіріп шығып, машинаның астына түсіп қалған.
Төменгі Калифорнияның кейбір өңірлерінде электр сымдары мен телефон байланыстары үзілген. Газ құбырлары да зардап шеккен.