Жергілікті өкімет орындарының мәлімдеуінше, әсіресе, шағын елді мекендер көбірек зардап шекті, тұрғын үйлер мен мұнаралар бүліншілікке ұшырады, деп хабарлады РБК агенттігі. Жер сілкінісінен зардап шеккендердің дәл саны айтылған жоқ, бірақ та олардың арасында төрт бала қаза болды.
Қазіргі кезде үйінділер арасынан тірі қалған адамдарды іздеу жалғастырылуда.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Түркияда Рихтер бағаны бойынша күші 5,9 баллдық зілзала болды. АҚШ Ұлттық геология қызметінің мәліметтері бойынша зілзала кіндігі Бингол қаласынан батысқа қарай 45 шақырым жерде тереңдігі 10 шақырымдық жерасты қабатында болған.