ОРАЛ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Нарын» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Кәкен Көбейсінов «Экология саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кеңес дәуірінде халықтық бақылау органында ұзақ жыл жемісті еңбек етіп, «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған Кәкен Көбейсінов Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін «Капустин Яр», «Азғыр» полигондарының зардаптарын жою мәселесімен етене айналысып келеді. Осыған орай Елбасының екі рет қабылдауында болып, әскери сынақтардан зардап шеккен тұрғындар үшін жеңілдіктердің белгіленуіне қол жеткізді. Сондай-ақ Жаңақала ауылында ауданаралық сауықтыру орталығы ашылды.
Ардагер экология мәселесімен бұдан былай да шұғылдана бермекші.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).