НАТО Бас хатшысы Кабулдегі лаңкестікті айыптады

БРЮССЕЛЬ. Желтоқсанның 16-сы. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - НАТО Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен сейсенбі күні Кабулде жасалған лаңкестік әрекетті айыптады.

«Бұл лаңкестік әрекет,   содырлардың    кінәсіз     ауғандықтардың  өмірін    тіптен бағаламайтынын   тағы   да көрсетіп  отыр»,-  делінген  Альянс бас хатшысының  мәлімдемесінде.

 Құжатта сондай-ақ,       қауіпсіз болашақ орнатуға  талпынып отырған  ауған   халқын тоқтатуға   талпынған   содырлардың ештеңеден тайынбай  отырғаны атап  көрсетілген.   «НАТО    лаңкестікпен  күресте  ауған  халқына   көмек көрсете бермек»,  - деп түйіндеді  Андерс Фог  Расмуссен    өз мәлімдемесін.

 Бұқаралық ақпарат  құралдарының   ақпараттары  бойынша,  жанкешті-лаңкес     мина қойылған  автокөлікті    шетелдіктер жиі   аялдайтын  Уәзір Акбар Хан ауданында  орналасқан   Heetal Hotel  қонақүйінің   алдында    жарған.   Оқиға салдарынан   бес бейбіт тұрын   опат болып, 30-дан  астам адам жараланған.