НАТО-ның алдағы форумы диалог алаңына айналмақшы - сарапшы пікірі

АТЫ. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат /Айгүл Тұрысбекова/ – Астанада өтетін НАТО-ның алдағы форумы ынтымақтастықты нығайту мақсатына және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін орталықазиялық өңірдегі НАТО-ның назарын жұмылдыруға қызмет етеді.

Ауғанстан мен Пәкістандағы жағдай белгілі-бір дәрежеде стратегиялық тұжырымдамаларда Брюссельде әзірленіп жатқан бастамалар іс жүзінде қаншалықты табысты болатынына тәуелді. Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне ҚР тұңғыш Президентінің қоры жанындағы Әлем экономикасы және саясаты институты Қытайды зерттеу орталығының директоры Элнара Байназарова әңгімелеп берді.

Сарапшының пікірі бойынша «Бейбітшілік үшін әріптестік» және «Әріптестіктің жеке іс-қимыл жоспары» аясында Қазақстанның НАТО-мен ынтымақтастық мәселесінде және НАТО-Еуро-Атлантикалық әріптестік кеңесінің екінші жолында көптеген перспективалар және сонымен қатар тәуекелдер бар. Әлемдегі геосаяси және геоэкономикалық жағдайлар, аймақтық проблемалар, саяси коллизиялар мен негізгі ойыншылардың, әсіресе орталықазиялық өңірдегі негізгі ойыншылардың сыртқы саяси мүдделерінің үйлеспеуі НАТО-ның қазіргі стандарттарға жауап бермейтінін растайтын көптеген скептиктердің түрлі пікір қайшылықтарына негіз қалайды. НАТО мен ШЫҰ, ҰҚШҰ яғни батыстық альянстар мен Ресейдің, Қытайдың арасында қайшылықтардың орнайтыны сөзсіз. «Бірқатар, әсіресе орталықазиялық аймақтардағы елдердің тұжырымдамалық мәселелерде жаһандық деңгейде НАТО-ның мүддесімен үйлеспеуі мүмкін, бірақ есірткі арнасы, лаңкестік, заңсыз көші-қон немесе шекара қауіпсіздігіне жете бақылауды қамтамасыз ету, біздердің қарулы күштерімізді қаруландыру, қарулы күштерімізді жаңа құрал-жабдықтармен жарақтандыру іс жүзінде өз шешімін талап ететін шынайы нақтылы проблемалар», - дейді сарапшы сеніммен. Оның пікірінше, халықаралық ұйымдардың алдында тұрған қатердің алдында барлық елдер бірдей тең және бұл жерде ешқандай бәсекелестік, сенімсіздік және түсініспеушілік болмауы тиіс. Бұл тұрғыда барлық халықаралық ұйымдар мен аймақтағы елдер осы проблемаларға келісілген ұстаным тұрғысынан қарауы тиіс.

Осы шешуі сәтте Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі қауіпсіздік құрылымдардың батыстық және азиялық құрылымдар арасындағы байланыстарын нығайту үшін өзіндік көпір болмақшы. Э.Байназарова қандай да бір құрылымдар бірі елдегі және аймақтағы тұрақтылықты және қауіпсіздікті құруға жауап беретін болса, Қазақстан сөзсіз оны қолдайды. Осы тұрғыда бір жағынан НАТО, ҰҚШҰ және ШЫҰ арасында және екінші жағынан шағын-ауқымда АҚШ, Қытай және Ресей аймақтары елдері арасында саясаткерлер, сараптама қоғамдастығы, азаматтық қоғамдастық деңгейінде сындарлы диалог орнатқан пайдалы. Осы ретте, АӨІСШК-тің рөлін арттыру қажеттігін байқауға болады, өйткені өз уақытында бұл ұйым өзін Азиядағы ЕҚЫҰ сияқты көрсеткен болатын. Биылғы жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылардың үшінші съезі Астанада өткізілмекші. Осындай гуманитарлық бастамалардың аясында біздің ел өз беделін тағы да таныта отырып халықаралық сахнада өзі туралы тағы да мәлімдей алады. Қазақстанның Орталық Азиядағы көшбасшылыққа деген өршіл талабы жоғары деп қаншалықты айтылғанымен, бұл - факті. НАТО аймақтағы негізгі әріптесі және операторы Қазақстанды таңдап алғанын мойындайды. Егер стратегиялық тұрғыдан қаралатын болса Қазақстан үшін НАТО-мен ынтымақтасу ең алдымен қарулы күштерді жаңғырту, аэронавигациялық және коммуникациялық желілерді үйлестіру жағынан алғанда басымдықтар береді. Бұл - әскерді басқаруды автоматтандыру және әскерді басқару бойынша үздік шетелдік тәжірибелерді іске асыру. Ынтымақтастықтың екінші саласы - шекара күзетін қамтамасыз ету, шекаралық қауіпсіздік, олар техникалық қамтамасыз етуді, шекара бекеттерін жарақтауды, офицер кадрларын қайта оқытуды, біліктілігін арттыруды қамтиды. Қазірдің өзінде біздер осы бағыттағы қозғалыстардың жандана түскенін көріп отырмыз. Жыл сайын түрлі семинарлар, тренингтер, оқу-жаттығулары өткізіледі. Осы тұрғыда біздің әскердің НАТО-ның Грузиядағы оқу-жаттығуларына қатыспаған ремаркасын келтіруге болады. «Шын мәнінде мұны Ресейге ыңғай танытқан ретіндегі қауіпсіздік деп бағалауға болмайды. Солай болғанымен осы факті Қазақстан НАТО-дан теріс айналып кетті деген желсөзге негіз бола алмайды. Керісінше, Еуро-Атлантикалық әріптестік кеңесі форумының Қазақстанда өтуі оған куә бола алады, форум ынтымақтастықты нығайту мақсатына қызмет етеді және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін НАТО-ның назарын орталықазиялық өңірге аудартады. Ауғанстандағы және Пәкістандағы жағдайлар Брюссельде әзірленетін стратегиялық тұжырымдамалар бастамаларының іс жүзінде қаншалықты табысты болатынына байланысты», - деді Э.Байназарова. Оның пікірінше, бұл форум барлық мәселелерді ашық талқылау үшін ресми емес сипатқа ие бола түседі және пікірлердің түрлерін барынша толық көлемде ұсынуға мүмкіндік береді. «Егер алдағы форумда НАТО-ны қалай реформалау, ШЫҰ және ҰҚШҰ-мен ынтымақтастық қатынастарда оның икемділігін қамтамасыз ету керектігіне нақтылы ұсыныстар әзірленетін болса, онда форум, сөзсіз, өте нәтижелі болған болар еді. НАТО-ның екінші жолы ретінде форум стратегиялық шешімдерді әзірлеудің негізгі тетігі болады», - деді сарапшы. Оның пікірінше, Қазақстан - әріптестіктің жеке жоспары бойынша НАТО-мен ынтымақтасатын бүкіл орталықазиялық өңірдегі жалғыз ғана мемлекет. «Бүгінгі күні бүкіл орталықазиялық өңірдегі елдер кеңестік қару-жарақ үлгілерімен қаруланған. Бұл елдер ресейлік қару-жарақтардың жеткізілуіне тәуелді. Әрбір мемлекет өз ұлттық мүддесін басшылыққа алуы тиіс. Егер біздерге қандай да бір елмен немесе халықаралық ұйыммен ынтымақтасу пайдалы болатын болса, мұндай жағдайда белгілі бір державаға жалтақтаудың қажеті жоқ. Егер Қазақстан НАТО-мен ынтымақтасатын болса, кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының жазғанындай, Ресейден теріс айналу немесе АҚШ-тың ықпалына түсу ретінде түсіндірілмеуі тиіс», - деп санайды сарапшы.