Олардан бөлек жұмыс беруші де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кету керек, Алматыда «Мигрант» апталығы өтті. Апталық барысында 56 алматылық жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, шетелден адамдарды заңсыз өткізуді кәсіп қылған Қазақстанның 2 азаматы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
«Жедел-профилактикалық іс шара барысында 16 қылмыстық іс қозғалды. Көші-қон туралы заңнаманы бұзудың 1 259 дерегі тіркелді. ІІД қабылдау-тарату бөліміне 155 адам қамалды. 389 адам Қазақстаннан шығарылды», - деді қалалық ІІД көші-қон полициясы басқармасының басшысы Асхат Бүтіншінов.