Наурыз мерекесін Оралдағы мекеме-ұйымдар да лайықты қарсы алды

ОРАЛ. 24 наурыз. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Наурыз мерекесін Оралдағы мекеме-ұйымдар да лайықты қарсы алды.

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, мұнда Наурызды ұжым болып тойлау дәстүрге айналған. Мерекемен департамент бастығы Абай Хамзин құттықтап, жиналғандарға наурыз көже таратылды. Салтанатты шарада департамент қызметкерлері өнер көрсетті. Концерттік бағдарламада өзге ұлт өкілдері де ән шырқап, әлем халықтарының билері орындалды. Мейрам ұжым бірлігін нығайта түсті.

Осындай шаралар қаладағы мекеме-кәсіпорындарда, оқу орындарында ұйымдастырылды.