Балалар мекемесінің үш тобында 60 ұл бала мен қыз бала қазақ және орыс тілдерінде тәрбие алатын болады.
«Сабақтар өткізу және демалу үшін мұнда барлық жағдайлар жасалған - көптеген ойыншықтары бар үш кең ойын бөлмесі, ән-күй аспаптары, жайлы жатын бөлмелері пен қазіргі заман талабына сай тамақтанатын орны бар, - деп атап өтті балабақша меңгерушісі Бекетай Нұрғалиева. -Баласының балабақшада болу құны ата-аналар үшін бес мың теңгені құрайды».
Балалар бақшасын жабдықтауға 24 млн. теңге жұмсалды, мұнда 26 ауылдық жұмыспен қамтамасыз етілді.