2010 жылғы наурызда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 72 мың 251 теңгені құрады. Сөйтіп өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда өсім 9,5 пайыз болды. Нақты жалақы индексі 2009 жылғы наурызға 102,2 пайызды құрады. Бұл мәліметтер ҚР Статистика агентігінің бүгінгі таратқан хабарламасында келтірілген.
16:11, 14 Мамыр 2010
Наурызда халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары 38 мың теңгені құрады
АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2010 жылғы наурызда халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары баға бойынша 37 мың 999 теңгені құрады. Өсім 2009 жылғы наурызбен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар бойынша 14,5 пайызды, нақты ақшалай табыстар бойынша 6,8 пайыз болды.