деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.
«Өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары 2010 жылдың наурызында оның алдындағы аймен салыстырғанда дайын өнімге сұраныстың ұлғайғанын және дайын өнімдердің қорының төмендегенін атап өтті, бұл өз кезегінде олардың іскерлік белсенділігінің ұлғайғандығына ықпал етті. Мәселен, өнеркәсіптік кәсіпорындардың белсенділігін сипаттайтын кәсіпкерлік сенімділік индексі 2010 жылдың наурыз айында оның алдындағы аймен салыстырғанда 4 пайыздық пунктке ұлғайып, ( 4) пайызды құрады», делінген Статистика агенттігінің хабарламасында.
Агенттіктің мәліметінше, кәсіпорындардың басшыларының бағалауы бойынша, жақын болашақта 2010 жылғы маусымның 10-на дейін іскерлік белсенділіктің ұлғаюы күтілуде. Айталық, кәсіпкерлік сенімділік индексі 2010 жылдың наурыз айымен салыстырғанда 2 пайыздық пункте ұлғайып, ( 6) пайызды құрайды.
«2010 жылдың наурызында оның алдындағы аймен салыстырғанда сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігі айтарлықтай өзерген жоқ. Мәселен, сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігін сипаттайтын кәсіпкерлік сенімділігінің индесі 2010 жылғы наурыз айында оның алдындағы аймен салыстырғанда 1 пайыздық пункте ұлғайып, ( 11) пайызды құрады», делінген Агенттіктің мәліметінде.