Наурызды мерекелеудің шынайы мазмұнға сәйкес болуы мен заманға сай қызықты да, сәнді болуы, терең мағананы қарапайым рәсімдермен «әшекейлеу» арқылы жұртқа тартымды мейрам бейнесін жасақтау ғана оны жағымды да әйгілі етпек. Сондықтан көпшіліктің көңілінен қағыс қалдырмас үшін барлық мүмкіндікті ойластыра отырып, наурыздың 14-21 аралығында кірісуге болатындай рәсімдер мен ғұрыптарды заманға сәйкестендіре жүйелей ұйымдастыруды ұсынып отырмыз. Бұл тоғыз күннің әрқайсысына мазмұн бере отырып, Наурыздың сипатын ашатындай және заманға сәйкес шараларға айналатындай әрі ұлттық таным мен дәстүр, салт пен жоралғылар өз орнын табатындай ахуал орнатуға әбден болады.
14 наурыз - Көктем күні
15 наурыз - Алас күні
Белгісі - алау. Бұл күн негізінен тазару күні болып табылады. Адамдар үйлерін тазалап, ескі киімдер мен заттарын өртейді. Көше тазалауға жұрт жұмылдырылады. Саябақтар мен саяжолдар тазартылып, ауылдарда бұлақтың көзі аршылады. Үйді, ауылды, көшені аластау рәсімі жүреді. Адамдар бұл күні жаппай шомылып, тазарады.
Белгісі - бүршік жарған талшыбық немесе қозы. Молаю күні болып табылады. Бұл күні әр ауыл, көше, қала тал егумен айналысады болмаса болашақ саябақ, орман-тоғай орындарын әзірлейді. Адамдар үйлеріне, көшеге, саябаққа тез көктейтін дақыл, гүл, ағаш егеді.
17 наурыз - Береке күні
Белгісі - қазан. Бұл күні әр үй «Қазан толы» рәсімі бойынша наурыз көже пісіреді. Әр үй кемінде жеті адамға көже беріп, әр адам кемінде жеті үйден көже ішеді. Осы күннен бастап, жұрт наурыздық дастарханға әзірлік бастайды. Адамдар бір-біріне қонаққа барып, көже ішіседі.
Белгісі - алақан. Рухани әлемге құрмет күні. Қайырым мен мейірім көрсету күні. Бұл күні жұрт ерте тұрып, қайтыс болған туыстарының зираттарына барып, тазалап, ретке келтіреді. Дұға арнайды. Үйлерінде жеті шелпек пісіріп, таратады. Хош иісті шөптермен, иіссулармен орынжайларды, бөлмелерді жұпарлау қолға алынады. Иіс күні қасиетті Жұмаға сәйкес келгені дұрыс.
19 наурыз - Жайнау күні
Белгісі - құрақ көрпеше. Бұл күні әркім өз үйін әшекейлейді, көше, ауыл алуан түске безендіріледі. Төрге құрақ көрпе төселеді, қабырғаларға кілем жайылады. Жаңа киім, жаңа мүлік пен жиһаз сатып алады. Наурызшеруге киешек (костюм) әзірлейді.
20 наурыз - Шаттық күні
21 наурыз - Үйлесім күні
Белгісі - текеметтің түрі, үйлесім нышаны. Бұл күні әркім дастархан жайып, ол күні бойы жыйналмайды. Үйде, далада ән-күй толастамайды, айнала толық безенген. Ырыс түніне арнайы Қыдыр атаға арналған дастархан жайылады. Ол «Науан» аталатын үшсөрелі тағам болса да жеткілікті.
Таңғы сағат 10-да Жолтерек (йол) орнату басталады.
12-де рәсім басталып, 14-те көпшілікке арналған Жыл рәсімі аяқталады.
Қыдыр түні.
Бұл күні «Қыдыр түні» аталатын түнді қарсы алуға кәрі де, жас та кіріседі. Жастар өз алдына «Бастаңғы» кешіне жиналады: қыздар «Ұйқыашар» асын әзірлеп, жігіттер жағы «Селтеткізер» (сюрприз) дайындайды. Олар таң атқанша сайран құрып, таң ата Бас таңды қарсы алуға көшеге шығады.
Қариялар бұл түні «Белкөтерер» жоралғысымен жиналып, Қыдыр түнін өткізеді: олар қонақжай үйге жайғасып, өткен-кеткенді, бастан кешкендерін еске алысып, таң асырады.
22 наурыз - Бастаңғы
Белгісі - күн. Таң атар кезде Алтыбақаншылар жылдың Бас таңын қарсы алуға шығады.
Таңғы 5:15-те Бас таңды қарсы алуға арналған арнайы шара басталады. Таң ата жиналған жұрт көше бойлап Наурызшеруге (карнавал) шығады. Бұл - жаңажылдық өмір шеруі.