Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.
Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, ауа температурасы одан әрі төмендейді. Әсіресе, ауа температурасының төмендегені республиканың солтүстігінде байқалады. Тек Қазақстанның батысында жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Сонымен қатар ауа температурасы күндіз 25-30 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі.