Таныстырылымға ҚР білім беру вице-президенті Махметғали Сарыбеков пен «Назарбаев Интеллектуалды мектептері» АҚ басқармасының төрағасы Күләш Шәмшитдинова қатысты. «Назарбаев Университеті» АҚ-ның президенті Аслан Саринжипов хаттама оқып, депутаттардың сұрақтарына жауап берді.
А.Саринжипов атап өткендей, заң жобасындағы негізгі жаңалықтар: білім беру басқармасына заманауи құрылымдардың енгізілуі, академиялық еркіндік беру, республикалық бюджет пен мақсатты капитал қоры арқылы қаржыландырудың жаңа формасы, шетелдік жұмыс көзін тартудың бірыңғайландырылған тәртібі. Заң жобасы Университет пен мектептер үшін ерекше ұйымдастырушылық-құқықтық форманы - білім берудің автономды коммерциялық емес ұйымын құруды көздейді.