Негізгі заң - үкіметтік емес ұйымдар қызметіне қарқынды серпіліс

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жуырда ғана Мәжіліс депуттары қабылданған үкіметтік емес ұйымдар қызметіне қатысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар туралы» жаңа жобасын қабылданған күннен бастап, қоғамдық ашықтықта кең талқыға түсіп үлгерді.

Кейбір ҮЕҰ өкілдері заңнаманың әлсіз тұстары бар дей келе, әлі де жетілдіру керек екендігін алға тартты. Дегенмен ұйымдар арасында ұзақ уақыт қоғамдық ашықтықта кең талқыға түсіп, қажырлы еңбектің нәтижесінде дайындалған өзгерістер мен толықтырулар еліміздегі үкіметтік емес секторды дамытудың оңтайлы қағидаттарын ескере отырып, әзірленгенін есепке алуымыз қажет. Енгізілген қаржыландыру түрлері, әлемдік тәжірибеде өз нәтижесін берген және біздің елде де алдағы үшінші сектор қызметін жетілдіруге негізгі себеп болары сөзсіз, алайда ұйымдар өкілдері мен қарапайым халыққа заңнаманың оң тұстарын түсіндіру мақсатында, қазіргі уақытта елімізде жан-жақты іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі, Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыруымен, «Негізгі заң - демократия негізі» атты ҮЕҰ өкілдері мен жастар қауымына арналған үлкен іс-шара. Шара барысында, демократиялық биліктің негізгі қайнар көзі халық және халық пен билік арасындағы негізгі байланыстырушы алтын көпір ҮЕҰ-лер және мұндай ұйымдардың қызметін жетілдірудегі негізгі тетік заңнама екендігі алға тартылды.

Шара барысында, «Еуразиялық құқық қорғау орталығы» президенті , Нұрғали Еңлік Нұрқалиқызынан аздаған сұхбат алдық.

Қазіргі уақытта жаңа қабылданған заңнамадағы гранттар мен сыйлықақыларды үйлестіру ісі арнайы құрылатын оператор арқылы жүзеге асырылмақ, осы тұста оператор құрылымына сипаттама бере кетсеңіз?

Осы уақытқа дейінгі Еліміздегі ҮЕҰ ісіне қатысты нақты мәліметтердің болмауы, тіркелген 27 000 ұйымның қайсыбірі белсенді қызмет атқарады қайсысы шалғай өңірде қараусыз қалды, бөлініп жатқан қаражаттар дұрыс үйлестірілуде ме, мұның барлығына қатысты нақты ақпараттар әлі күнге дейін әр дереккөздерде әрқилы таралған. Ал жаңа заңдағы өзгерістер қосымша қаражаттандырудың жаңа түрлерін қарастырып отыр, демек алдағы уақытта бақылау қадағалану қағидатын күшейтуіміз қажет. Ал мұнымен қазіргі уақытта, нақты бір орган ғана айналысады деп айту қиын, әрбір қызмет органының өзіне жүктелген қызметтері бар, міне сол себепті де, «Үйлестіру кеңесінің» негізгі мақсаты бірыңғай оператор құрып, үшінші сектор қызметінің ісіне мониторингілеуболып отыр. Ал құрылатын оператор осы саланың негізгі жанашырларынан құралатын болады, мұндағы мүшеліктер тек министрлік қызметкерлері деп түсініп жүргендерде жоқ емес, дегенмен біз түсіну керек мүндағы негізгі дүние, оператор акционерлік қоғам секілді құрылатын болады. Бір назарда ұстауымыз керек дүние, ҮЕҰ қажеттіліктерін мұң-мұқтажын осы саланың жанашырларынан артық ешкім біле бермейді. Ал құрылатын оператор осы саланың мамандарынан құралмақ. Сонымен қатар, қазіргі уақытта елімізде шалғай өңірлерде қаншама ҮЕҰ бар, олардың барлығына бірдей қаржыландыру үйлестіріліп жатыр ма, біз біле бермейміз, айтамыз «олар жұмыс істемейді» деп, алайда олар жұмыс істегісі келмегендіктен емес, қаражаттың дұрыс жетіспеуінен істемей жатқан шығар, сондықтан да осы мәселенің барлығын жіті бақылау керек.

Аталған өзгертулер мен толықтыруларда гранттар мен сыйлықақылардың үйлестірілу механизмі қалай жүрмек?

Әдетте ұсыныстар жоғарыдан төменге жүріп жатады, ал жаңа заңнамада тақырыптар ұсыну тармағы ұйымдар тарапынан да жасалыну құқығы қарастырылған. Мәселен, әрбір өңірдің өз әлеуметтік мәселелері бар, ал оны сол жергілікті халқы ғана білуі мүмкін, ал мұндай мәселелер сол жердің үкіметтік емес ұйымдары көмегімен шешілуі тиіс. Сол себепті де, оларға өз тақырыптарымен ұсыныстар білдіру мүмкіндіктері беріліп отыр.

Жергілікті үкіметтік емес ұйымдарды Шетелдік донорлық ұйымдар арқылы қаржыландыру тоқтатылады деген үрейлі болжамдар бар, осы қаншалықты рас ?

Жоқ, тоқтатылу туралы айтылмаған, керісінше олардан қаражатты көптеп тарту дұрыс іс. Біздің негізгі мақсатымыз, қаржыландырудың оператор қадағалауы арқылы жүргізілуі. Қазіргі таңда, өзге мемлекеттерге қарасақ, мәселен Ресей Федерациясы 2012 жылы шетелдік донорларға қатысты қатаңдатулар енгізді, ал 2014 жылы кейбір жағдайларда мүлде тоқтатылу жағдаяттарын қарастырды. Ал біздің жаңа заңнама мұндай қатаңдатуларға жол беріп отырған жоқ, ең бастысы халықтың мүддесін қорғауға оны жоғарылатуға арналса болғаны. Бүгінде мемлекеттің ішінде ыдыратуларға жол беріп, халық пен билік арасында арандатулар мақсатында да қаржыландыру істері болуы мүмкін, сол себепті де, мемлекет біліп отыруы керек кім қандай жағдайда қандай мақсатта қаржыландырып отырғандығын.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қалай жүргізілетін болады?

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс әрине конкурстық негізде жүргізіледі. Кімнің ниеті бар, келсін барлығы ашықтықта жүргізілетін болады. Бұрын «Үйлестіру Кеңесі», «Қоғамдық Кеңес» дегендер болмаса, қазіргі уақытта мұның барлығы қарастырылып, жан-жақты мүмкіндіктер алаңы құрастырылып отыр. Барлық істің осылай ашықтықта жүруі, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік қызмет көрсету нарығының кеңеюіне алып келетін болады деуге негіз бар. Алдағы уақытта қабылданған заңнама бойынша осы мақсатта бірге күш жұмылдыратын боламыз.

Жауаптарыңызға рахмет!