«Бұл - бәріміздің үстімізге төнген қара бұлт. Барша Павлодар өңірінің тұрғындары ауыр қазаға көңіл айтады. Әлемнің назарын аударған Ниццедегін қайғылы оқиға жерлестерімізді айналып өтпеді. Павлодарлықтар жазықсыз өлім құшты. Бақилық болғандардың жатқан жері жарық болсын», - деді аймақ басшысы Болат Бақауов.
Жерлеу рәсіміне Францияның Қазақстандағы елшісі Франсис Етьен мырза да қатысып, марқұмдардың отбасына көңіл айтты.
Облыс әкімі өз кезегінде марқұмдардың денесін туған жеріне жеткізіп бергені үшін Франция елшілігіне алғыс білдірді, деп жазады pavlodarnews.kz.