Олардың нақтылауынша, мемлекет басшысы ұзаққа созылған науқастан қайтқан, деп хабарлайды Associated Press.
Президенттік кеңсе өкілдерінің айтуынша, Умару Яр'Адуа президенттік сарайында кеше кешке көз жұмған. Енді елдің билігі Нигерия президентінің міндетін атқарушы Гудлаг Джонатанға ауысты.
Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылы қарашаның 27-сінде Умару Яр'Адуа жүрегі сыр беріп, ауруханаға түскен болатын.