«НКОК» азық-түлік купондарын таратты

АТЫРАУ. 24 наурыз. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атыраудың мүгедектер қоғамы Наурыз мейрамына орай әрқайсысы 10 мың теңге болатын 100 купонға ие болды.

Әлеуметтік қорғансыздар тобына жататын қоғам мүшелері бұл купондарға бір ай ішінде сауда желілерінің бірінде азық-түлік тауарларын ала алады.

Азық-түлік купондарын қоғамға Қашаған кен орнын игеру бойынша Солтүстік Каспий жобасының операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясы табыс етті.