Нобельдік сыйлықтың көлемі азаюы мүмкін

АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат - Альфред Нобельдің қоры нобльдік лауреаттардың сыйлықтарының көлемін азайтуы мүмкін.

Қордың   директоры Микаэль Сольманның  айтуынша, оған - әлемдік  қаржы дағдарысы  себеп.

Дегенмен,   М.Сольман,   биылғы   жылғы   лауреаттардың  сыйлықтары,  алдыңғы жылдардағыдай,   1,5  миллион  долларды  құрайтынын    атап көрсетті.