Нөмірсіз көлікпен шекарадан заңсыз өткен ресейлік бір тәулікке қамауға алынып, Қазақстаннан шығарылды

ПАВЛОДАР. 24 тамыз. ҚазАқпарат - Шекарадан нөмірсіз көлікпен заңсыз өткен ресейлік азамат бір тәулікке қамауға алыынп, Қазақстанның сыртына шығарылды, деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінен.

РФ азаматының әкімшілік ісін Ертіс аудандық соты қарастырды. Шекара бұзушыны «Майқоңыр» шекара заставасының шекара жасағы мемлекеттік шекарадан тіркеу нөмірлерінсіз көлікпен өткеннен кейін ұстады.

Сот отырысында ол кінәсін толық мойындап, шын көңілден өкінгенін білдірді.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.