деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Топан су туралы аккад аңызының бұл баянында құдай падиша Атрахасиске оның өз үйін бұзуын және қайық жасауы керектігін, сондай-ақ өмірін сақтап қалуы үшін мүлкін тәрік етуін айтады. Құдайдың айтуынша, қайықтың қабырғалары қамыстан жасалуы және дөңгелек пішінде болуы тиіс: оның ені мен ұзындығы бірдей болуы керек. Одан әрі табақшада кеме құрылысы үшін су өткізбейтін битуммен жапсырылған пальма талшықтарын пайдалану ұсынылған.
Финкель топан судан құтқаруға арналған кемеден ешқайда да жүзу талап етілмегенін, тек судың бетінде қалқып жүрсе жеткілікті болғанын атап айтады. Оның айтуынша, мұндай дөңгелек қайықтар қазір Иракта және Иранда пайдаланылады.