Мұндай жәрмеңкелер бүгінде партияның барлық қоғамдық қабылдау бөлмелерінде, аудандық және қалалық бөлімшелерінде өтіп жатыр және кез-келген ниет білдіруші мемлекеттік бағдарлама бойынша өзіне жұмыс таңдап ала алады.
Акцияға әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының, аудандық шағын және орта бизнес қауымдастығының өкілдері қатысуда. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне аумақтарда «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыратын операторлар қатысатынын атап өту маңызды.
Ашылу салтанатында акция барысында келіп түскен барлық өтініштер жинақталып, талданатын болады деп атап өтілді.