«Нұр Отан» Доктринасының қазақстандық қоғам үшін маңызы зор - М.Әділов, БҚО

ОРАЛ. 21 қазан. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» ХV съезінде қабылданған Доктринаның қазақстандық қоғам үшін маңызы зор.

Бұл туралы «Оралагрореммаш» АҚ қызметкері Меңдіхан Әділов мәлім етті.

«Доктринада ұлт­тық идеологиямыз бен ұлттық құндылықтарымызды, тари­хы­мыз бен руханиятымызды жаңғырту және сақтап қалу басымдықтарының қам­тылғандығы қуантады. Жаһандану заманымен сай дамып келе жатқан партияның жаңа саяси Доктрина­сында тәрбиеге көп мән берілген. Партияның бас құжаты тәрбиеге, иман­дылыққа негізделген, жеткіншек ұрпақтың дұрыс азамат болып қалыптасуының барлық сатысы қамтылған. Бұл бәріміз үшін де маңызды», деді М.Әділов.