«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезінде көтерілген өзекті мәселелер үлкен рөл атқаратын болады. «Нұр Отан» партиясы еліміздің жетекші саяси партиясы ретінде өзіне жүктелген жауапкершіліктен қашпай, жүйелі түрде шешімдерін тауып келеді.
«Нұр Отан» партиясы 17 жылдың ішінде қоғамның барлық түйткілді мәселелерін көтеретін біріктіруші, жауапты және жалпыұлттық партияға айналды. Осынау жауапты кезеңде партия ортақ болашағымызды айқындап, Тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтып, Болашағы Біртұтас Ұлттың даңғыл жолын салуда.
Сондықтан партия мүшелерін қабылданған сайлауалды тұғырнаманы қолдауға және жүзеге асыруға атсалысуға шақырамын», - деді ол.