деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жетісулық марафоншы Алпыс Ермағамбетов шәкірті Сырым Исламовпен бірге Есік қаласынан облыс орталығы Талдықорғанға дейінгі 269 шақырым аралықты 4 күнде жүгіріп өтті. Бұл марафондарын олар «Нұр Отан» партиясының 10 жылдығына арнады.
Алматы облысының мақтанышы, КСРО спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері, супермарафоншы Алпыс Ермағамбетов көптеген атаулы мерейтойларға арналған жарыстарға қатысқан. Ол 11 алтын, 30 күміс, қола медальдарының иегері. Көптеген марафоншы шәкірті бар. Ал ерекше мақтанышы, өзімен бірге осынау қашықтықты бағындырған шәкірті Сырым - А.Ермағанбетов сабақ беретін Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің 1-ші курс студенті.