Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП Ақтау қалалық филиалының ХІІІ конференциясында филиал төрағасы Оспан Қазақбаев мәлімдеді.
340 делегат қатысқан жиында партияның бір жылдық жұмысы қорытындыланып, «2020 жылға дейінгі Нұр Отан ХДП бағдарламасының» жобасы талқыланды.
«Өткен 2010 жылы партиялық бақылау күшейіп, «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму», «Жол картасы» бағдарламасының орындалуы, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің енгізілуі қадағаланып, Ақтау халықаралық әуежайы, Ақтау битум зауытының құрылысы, «Ча-Кур» сұйық дәрі шығаратын фармацевтикалық комплексінің құрылысына партиялық бақылаулар орнатылды. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша қалада жүзеге асырылған 25 инвестициялық нысанда 12 бақылау бекеті жұмыс жасады», - дейді Ақтау қалалық партия филиалының төрағасы Оспан Қазақбаев.
Жиын соңында филиалдың Саяси кеңесінің және бақылау-тексеру комиссиясының құрамы қайта сайланып, партияның Маңғыстау облыстық филиалының кезекті конференциясына қатысатын делегаттар белгіленді.