18:11, 31 Наурыз 2009
«Нұр Отан» ХДП Астана филиалы Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестердің жұмыс қорытындыларын шығарды
АСТАНА. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат – «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы кеңсесінде қалалық үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен, партия ардагерлерімен және белсенділермен кездесу өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Нұр Отан» ХДП Астана филиалының төрағасы П.Казанцев пен қалалық филиалдың партиялық комиссия төрағасы К.Тоқуов жиналғандар алдында Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес пен партияның қалалық филиалы жанындағы партия комиссиясының бұл орайдағы атқарған жұмысы туралы хабарлама жасады.Белсенділердің үлкен тобына алғысхаттар тапсырылды. Бұл марапатқа таңдаулы бұқаралық ақпарат құралдары да ие болды, олардың арасында «ҚазАқпарат» агенттігі де бар.