17:58, 28 Сәуір 2009
«Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалында Партиялық бақылау комитетінің отырысы өтті
АСТАНА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - «Нұр Отан» ХДП елордалық филиалында Партиялық бақылау комитетінің отырысы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Комиссия төрағасы Қайыржан Тақуов отырысты аша отырып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік қызметкерлер халық алдындағы жауапкершілігін сезіне білу қажеттігі айтылған, деп атап өтті.«Алға қойылған міндеттерге сәйкес партияның Астана қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясы бірқатар мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен рәсімдерін енгізу жөніндегі жұмыстардың жай-күйін зерделеді», - деді Қ.Тақуов.Комиссия төрағасының айтуынша, азаматтармен жиі байланыс жасайтын мемлекеттік органдар мен мекемелердің: халыққа қызмет көрсету орталықтарының, салық комитеттерінің, тұрғын үй және жер қатынастары басқармаларының, әртүрлі медициналық мекемелердің қызметтеріне ерекше назар аударылды. Қ.Тақуов халыққа мемлекеттік қызмет көрсету деңгейі елорданың мәртебесіне толық сай келмейді, деп атап көрсетті.