ОРАЛ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - 14 мамыр күні облыс әкімі, «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалының төрағасы Нұрлан Ноғаев облыстық филиалдың жаңа орынбасары Аққали Әубекеровті облыстық филиалдың саяси кеңес бюросы мүшелері мен аппарат ұжымына
таныстырды.
Аққали Үмбетқалиұлы Әубекеров 1963 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Жәнібек ауданында «Свердлов» кеңшары 1985 жылы ферма агрономы болып бастаған ол осы ауданда комсомол қызметінде, соның ішінде аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болды. Кейін осы ауданда басқа да қызметтер атқарған ол 2000-2005 жылдары облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы, 2005-2007 жылдары құрылыс департаментінің бас маманы, 2007-2008 жылдары «Рысқалиев» ЖК директорының экономика жөніндегі орынбасары, 2008-2009 жылдары «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы ұйымдастыру-партия жұмысы бөлімінің кеңесшісі, 2009 жылдан партиялық бақылау комиссиясының инспекторы болды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).