15:03, 29 Сәуір 2009
«Нұр Отан» ХДП-ның ХІІ съезі қарсаңында партия бастамасымен өңірлерде салалық форумдар мен жиындар ұйымдастырылуда ? брифинг
АСТАНА. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс ХІІ съезі қарсаңында партия бастамасымен өңірлерде салалық форумдар мен жиындар ұйымдастырылуда.
Бұл шаралар ел тұрғындарының нақты проблемаларын талқыға салған сұхбат алаңына айналды. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында өткен брифингте партияның ресми өкілі Оксана Петерс мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Нақты айтқанда, ағымдағы жылғы сәуірінде 28-інде Қарағандыда қауіпті жұмыс жағдайында еңбек етіп жатқан жұмысшылардың республикалык форумы өтті. Алдағы аптада, яғни мамырдың 4-інде Петропавл қаласында «Пәрменді агроөнеркәсіптік кешен ? нық дамудың кепілі» атты ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілердің, мамырдың 5-інде Көкшетау қаласында білім қызметкерлерінің, мамырдың 7-сінде Ақтөбе қаласында денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің форумдары, ал мамырдың 13-інде Астанада шағын және орта бизнес проблемаларына арналған республикалық жиын өтеді деп жоспарлануда», - деп атап өтті партияның ресми өкілі.Атап айтқанда, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер форумы барысында салаға мемлекет тарапынан қолдау көрсету шаралары, агроөнеркәсіп кешенін дағдарыстан кейінгі кезеңде де тұрақты дамыту, ауылшарушылық өнімдерін сыртқа тасымалдау мәселелері сөз болмақ. Білім саласы қызметкерлері форумында ұстаздардың әлеуметтік мәртебесі, кәсіби-техникалық мамандарды дайындау, қайта даярлау, әсіресе осы салада қызмет сапасын арттыру жайы талқыланады деп күтілуде. Ал шағын және орта бизнес мәселелеріне арналған Республикалық жиында кәсіпкерлердің жетістіктері мен жүзеге асырмақ жобалары әңгіме өзегіне айналады.