Бұл туралы бүгін Алматыда ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның көшпелі отырысында айтылды.
«Нұр Отан» ХДП-ның ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтуге арналған жоспарында 7 мыңнан астам іс-шаралар қарастырылып отыр. Осы уақытқа дейін оның 1800-ге жуығы өтті», - дейді партия хатшысы Ерлан Қарин. Оның айтуынша, Қазақстан тарихының 20 жылдық кезеңінің нәтижелерін талқылау және одан әрі даму бағытын айқындау мақсатында мамыр айында Астанада тарихшылардың І конгресі өтеді. Сондай-ақ, мамыр айында Абылай ханның 300 жылдығына арналған халықаралық конференция ұйымдастырылмақшы.