РАЛ. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы ғимаратында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұдан бұрын «нұротандықтар» 20 майдангердің үйіне барып құттықтаса, бұл жолы тоғыз ардагер бас қосты. Жас саясаткерлер мектебінің мүшелері майдангерлердің өмір жолдарын зерттеп, мәліметтер жинаған.
«Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенжебай Нығмет майдангерлерді Жеңіс мерекесімен құттықтаса, Павел Букаткин, Алевтина Митрохина естеліктерімен бөлісті. Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы, Орал қаласының құрметті азаматы Хамза Сафин өңірде 700-ге жуық майдангер қалғанын айтып, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлыққа ризашылығын жеткізді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).