Өз сөзінде Біләлов, аудандық партия филиалдарының бірінші орынбасарлары жағдайды қадағаламайтындығын атап өтті. Олар барлығын жалпы біледі, жұмыстың жылдам ұйымдастырылу жағдайын қадағаламайды, соның нәтижесінде бүгінгі таңда бюджет қаражатының игерілуі бір айға кешігіп отыр.
Бюроның отырысында «Жол картасының» жүзеге асырылу жұмыстарын белсендендіру, атқарылған жұмысқа партиялық қадағалау нәтижесін жоғарлату туралы ұсыныстар айтылды.
Бұл мәселені талқылау барысында бюджет қаражатын ұтымды пайдалану, жалақы деңгейі, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша еңбек етіп жүрген студенттерге еңбек кітапшасын ашу туралы сөз қозғалды.
Сонымен қатар, бюро отырысында партия жұмыстарынан тыс ұйымдастыру мәселелері қаралды.