sp; ОРАЛ. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин қарашаның 26-сында жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалынан түскен мәліметке сілтеме жасап.
Нұрлан Нығматулин екі күндік сапары барысында облыс аудандарында іске қосылатын жаңа нысандардың ашылу салтанатына қатысады. Партия филиалдарының жұмысымен танысып, бүгін облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің «Нұр Отан» ХДП халықтық тұғырнамасының орындалуы жөніндегі есептік кездесуіне қатысады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).