Еске салайық, Саяси кеңес отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. «Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күрес жүргізбей сайлауалды тұғырнаманы да тиімді атқара алмаймыз. Менің тапсырмам бойынша 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың партиялық бағдарламасы әзірленді. Біз осы бағытта аз жұмыс істеген жоқпыз, бәрі көз алдарыңызда. Облыс әкімдері, министрлер, олардың орынбасарлары жауапкершілікке тартылып жатыр, қатал күрес жүруде», - деді Н. Назарбаев. Сонымен қатар, Елбасы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өскенін, барлық жағдайлар жасалып жатқанын айтып, осыдан қорытынды шығару керектігін жеткізді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді стратегия - бұл біздің партияның көшбасшылығының принципті мәселесі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес біздің экономикалық өсім үшін де айтарлықтай әсер етеді», - деп атап өтті Елбасы. Бұдан бөлек, Президент бүгінгі күні жемқорлықпен күрестің негізгі екпіні әлеуметтік құбылыс ретіндегі сыбайластықтың орын алу себептері мен жағдайларының алдын алуға қатысты екенін атап өтті. «Нұр Отан» партиясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қоғамдық кеңесі, партиялық бақылау комитеті, қоғамдық қабылдаулар жұмыс істейді - бұлар аз жұмыс істеп жатқан жоқ. Дегенмен, осы жұмысқа жергілікті жердегі жұртшылықтың барлығын қамтуымыз керек. Сондықтан да, партия қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың ауқымды авангардына айналуы тиіс. Бұл «Нұр Отанның» өзі заңнамалық зерттеудің, ішкі партиялық құжаттардың сақталуын қамтамасыз етудегі нақты эталонға айналуы керектігін білдіреді», - деді Н. Назарбаев.
12:42, 11 Қараша 2014
«Нұр Отан» қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың ауқымды авангардына айналуы тиіс - Елбасы
АСТАНА. ҚазАқпарат -«Нұр Отан» қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың ауқымды авангардына айналуы тиіс Бүгін «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.