Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясынан партиялық тізімге енгізілген Мәжіліс депутаттығына барлық кандидаттардың куәліктері А.Мырзахметовке берілді.
Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімінде 127 кандидат бар. Олардың 23 пайыздан астамы - әйелдер. «Нұр Отан» партиясының партиялық тізіміне енгізілген кандидаттардың 60 пайызға жуығы 55 жасқа дейінгі адамдар, олардың ең жасы - 26 жаста. Партия ұсынған 33 кандидат Парламент Мәжілісінің депутаты болған. Сондай-ақ ғылым, мәдениет және білім саласының қайраткерлері, белгілі спортшылар, коммерциялық құрылымдардың, мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлері ұсынылған.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес саяси партиялардың тізімдердін тіркеу ағымдағы жылғы 19 ақпанға дейін жалғасады, ал 20 ақпаннан бастап партиялар үгіт жұмысына кірісе алады.